Құрметті, халайық! Маған «Тамақ жеме!», «Белің жоқ» деп жазып жатыр. Менде неге бел жоқ? Негізі қылдаймын. Арықпын. Мақпалда бел жоқ дегендерге жауап: белім бар. Міндетті түрде сіздерге шешініп көрсету керек пе? Тамақ жей берем онда, – деп күлді видеода Мақпал Жүнісова.
Оған өнердегі әріптестері Мәдина Сәдуақасова мен Тамара Асар қолдау білдірді.
Достар, апайдың көйлегі oversize стилінде болғасын дұрыс түсінбей тұрсыздар. Белі шығып, көйлегі әдемі жарасып тұр, – деді видеода әнші Мәдина Сәдуақасова.