«Шешініп көрсету керек пе?»: Мақпал Жүнісова өзін сынағандарға жауап берді (ВИДЕО)

Әнші Мақпал Жүнісова өзін «белі жоқ» деп сынағандарға жауап берді. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында видео жариялады, деп хабарлайды Paryz.kz. 

«Шешініп көрсету керек пе?»: Мақпал Жүнісова өзін сынағандарға жауап берді (ВИДЕО)
фото: әлеуметтік желіден

Құрметті, халайық! Маған «Тамақ жеме!», «Белің жоқ» деп жазып жатыр. Менде неге бел жоқ? Негізі қылдаймын. Арықпын. Мақпалда бел жоқ дегендерге жауап: белім бар. Міндетті түрде сіздерге шешініп көрсету керек пе? Тамақ жей берем онда, – деп күлді видеода Мақпал Жүнісова.

 Оған  өнердегі әріптестері Мәдина Сәдуақасова мен Тамара Асар қолдау білдірді.

Достар, апайдың көйлегі oversize стилінде болғасын дұрыс түсінбей тұрсыздар. Белі шығып, көйлегі әдемі жарасып тұр, – деді видеода әнші Мәдина Сәдуақасова.