Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Жеті күннің ішінде тұрмысқа шығып кеттім: Тамара Асар күйеуге қалай шыққанын айтты

Әнші Тамара Асар «Ұйқым келмейді» бағдарламасында сұхбат беріп, күйеуімен жеті-ақ күнде танысып, бірден тұрмысқа шығып кеткенін айтты.

Жеті күннің ішінде тұрмысқа шығып кеттім: Тамара Асар күйеуге қалай шыққанын айтты
Фото: видеодан скриншот

- Екі түрлі адам ғана солай тұрмысқа шығады. Оның бірі – басы жасамайтын адам, екіншісі – басы кетіп ғашық болған адам. Өзімді екінші түріне жатқызамын. Жалпы, мен Қазақстанды аралап жүрген адаммын. Балам бар, Тамара Асар деген атым бар, көрген тәрбием бар. Бірақ сенімді түрде, нық сезіммен, ер адамға тән даусымен «саған үйленемін» деген жігітті бірінші рет көрдім. Танысқанымызға екі минут өткен жоқ, мені көрсетіп осы кісіге үйленемін деді.  Құлағыма елең ете қалды, сол сөздің артынан жүре бердім, — деп сыр бөлісті әнші.

 
Сұхбат барысында өнер иесі бақытты болудың құпиясын ашты:

- Бақытты әйел болу үшін шынайылық керек. Әлеуметтік желіні аңдып, көбі сондағы нәрсені қайталағысы келеді. Біз қазір блогерлердің жемтігіміз. Соған ермеңіздер деп айтқым келеді, - деді Тамара Асар.