Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

«Жинаған ақшамды суға ағызып жібердім»: әнші Нұрболат Қанай марқұм інісін еске алды

Әнші Нұрболат Қанай «Ұйқым келмейді» бағдарламасында қайтыс болған інісі туралы естеліктерді бөлісті. Сұхбат барысында өнер иесі бір бума ақшаны не үшін суға ағызып жібергенін айтты.

«Жинаған ақшамды суға ағызып жібердім»: әнші Нұрболат Қанай марқұм інісін еске алды
Фото: видеодан скриншот

- Дияр деген інім болған. Лейкемия ауырына шалдығып, өмірден озып кетті. Оның еміне ақша жинап жүрдім. Ол кезде мешіт қасындағы намазханада тұрамын. Миск, жайнамаз, кітап сатып жүрген кезім. Айына 15-20 мың теңге алатынмын. Өзімше осылай қолдау көрсеткім келген. Лейкемияға шалдыққандарға қалай көмектесуге болатынын қарап, ізденіп жүрдім. Сонда білгенім, оларға мотивация беру керек. 70-80 пайызы солай жазылып кетеді екен. Мен де солай ініме шабыт беріп, көмектесем деп жүрген кезде, ол дүниеден өтіп кетті. Сол кезде жинаған ақшамды суға ағызып жібердім. Өкініш болды, жетей алмай қалдым.

Әншінің айтуынша, ағасы екеуі ерте ер жетті.

- Дияр 7 жасар болды, ал мен 10-11 сынып оқитынмын. Өзімізбен өзіміз өстік. Ол кезде папа 2-3 айлап жұмыс жасайды. Дәрілердің бәрі қымбат. Әке-шешеміздің аузына қарап отыра бермей, көмектесейік деп ағам екеуміз табылған жұмыстың бәрін істедік, - деп бөлісті ол.

Нұрболат Қанай айына 2 рет қайырымдылық концерт беруді дағдыға айналдырғанын жеткізді.