Танымал блогер Айжан Байзақова өз ұлтын білу үшін арнайы тест тапсырды, деп хабарлайды paryz.kz
Ол жеке парақшасына видео жүктеп, тест қорытындысын оқырмандарына көрсетті.
Жақында ұлтқа қатысты тест тапсырдым. Жауабы келіп тұр, бірге көрейік. Өмір бойы өзімді қазақпын деп келсем, мына қорытындыда 13 пайыз ғана қазақ екенімді көрсетіп тұр. Орыс – 12 пайыз, солтүстік Кавказ – 12 пайыз. Орыс асханасы мен моншасын не үшін жақсы көретінім түсінікті болған шығар, - деп айтты ол.
Дегенмен, блогердің айтуынша, бұл тест нәтижесі оның жан дүниесіне әсер етпеген. Ол өзін қазақ деп есептейтінін жеткізді.
30 жыл бойы қазақпын деп ойлайсың. Бірақ ұлтыңды анықтауға арналған тест қорытындысы олай емес дейді. Бұл жерде біреудің құпия сақтағанын біліп аласың. Шынымды айтсам, бұл маған әсер етпеді. Менің жан дүниемде ештеңе өзгермегенін айтқым келеді. Бұл қағаз да ештеңені өзгертпейді. Мен қазақпын, – деп сөзін нақтылады блогер.