Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

«Анам келіншегімді арық деп, ұнатпай қалды» - Құдайберген Бекіш

Әнші Құдайберген Бекіш «Ұйқым келмейді» бағдарламасында әйелімен қалай танысқанын айтып, отбасылық өмірі туралы сыр шертті.

«Анам келіншегімді арық деп, ұнатпай қалды» - Құдайберген Бекіш
Фото: видеодан скриншот

- Отасқанымызға 40 жыл болды. Ол кісіні көріп жүретінмін. Бір күні шелекпен су алып тұр екен. «Қарындас, мен көтерісейін» деп көмектестім. Үйіне жақындай берген кезде қолым бір түрлі дірілдей бастады. Солай танысып кеттік, ол кісінің аты – Жанна. Содан достасып, әдемі шай берді маған. Ол кезде қыздардың қолынан шай ішу – бақыт.

Сұхбат барысында әнші тұңғышын 6 жыл күткенін айтты:

- Анам келіншегімді алғаш көргенде ұнатпай қалды. «Әй, мынауың ап-арық қой, бала туып жарытпайды» деді. Анама «әрекет етіп көреміз» деп жауап бердім. Анам менің көңілімді қалдырмай, үйленуге батасын берді. Бірақ 6 жылдай бөпе болмады. Мәскеуде оқыдым, сол кезде өзіміз емделдік. Тұңғышымыз Мәскеуде дүниеге келді, - деп бөлісті ол.