Прямая трансляция

Астана

Астана

-3.03°C

Әнші Сандуғаш Стамғазиева Алтынбек Қоразбаевтан екі қызы барын айтты

Әнші Сандуғаш Стамғазиева Алтынбек Қоразбаевпен не байланыстыратынын айтты. Бұл туралы өнер иесі "Менің өмірім" бағдарламасында әңгімеледі, - деп хабарлайды Paryz.kz. 

Әнші Сандуғаш Стамғазиева Алтынбек Қоразбаевтан екі қызы барын айтты
Коллаж: ernur.kz

Сандуғаш Стамғазиеваның сөзінше, Алтынбек Қоразбаевтан екі қызы бар. Алайда екі отбасы екі бөлек өмір сүріп жатыр екен. Оның Алтынай есімді қызы 18 жаста, ал Сафиянұрым есімді екінші қызы 10-сыныпта оқиды. 

Ол кісіге (Алтынбек Қоразбаевтың әйеліне - еск.) деген көзқарасым өте жақсы. Қайта ол кісіге рақмет айтамын. Бір-бірімізбен кездесіп, бір дастарханда отырмасақ та тілекшімін. Жүздеспедім, бір-бірімізді көп көрген жоқпыз. Алтекеңе деген сыйластығы шығар, бір-бірмізге алагөздік деген жоқ... Балаларымның әкесінің атына көп дүние айтылады. Маған айтылған сөздер де болды: отбасының ортасына түсу, іріткі салу деген. Жоқ, Құдай сақтасын, оның бәрі пешенемізге жазылып қойған дүние болғандықтан, ең бастысы ешкімді ажыратып алған жоқпын. Әркім өзі отбасымен өмір сүріп жатыр. Балаларына деген көзқарасы да (Алтынбек Қоразбаевтың - еск.) жақсы, - дейді ол.