Актер Мадияр Серікбаевқа ауыл азаматтары ат мінгізді (ВИДЕО)

"Өнер қырандары" әзіл-сықақ театрының басшысы, актер Мадияр Серікбаевқа ауыл азаматтары ат мінгізді, деп хабарлайды Paryz.kz. 

Актер Мадияр Серікбаевқа ауыл азаматтары ат мінгізді (ВИДЕО)
Фото: видеодан скриншот

"Өнер қырандары" осыдан 15 жыл бұрын алғаш концерт берген Сарыбастау ауылына тағы да барып, елдің ыстық ықыласына бөленіп қайтты.

Елді-мекен азаматтары сахнада өнер көрсетіп жатқан әртістерге ерекше сыйлық тарту еткен. Олар театр басшысы Мадияр Серікбаевқа ел алдында ат мінгізіп, асқан сыйластық көрсетті. Бұл туралы "Өнер қырандары" театрының ресми Instagram парақшасынан белгілі болды.

Желіде жарияланған видеодан Серікбаевтың сахнадан түсіп, ат мініп жатқанын көруге болады.

"Өнер қырандары" 15 жыл бұрын алғаш концерт қойған Сарыбастау ауылының азаматтары ат мінгізді. Алла разы болсын", - делінген видео астында.

Артынан театр басшысы ауыл азаматтарына өз алғысын жеткізді.