Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

«Кішкентаймын деп сыйлайды». Асан Пердеш өзінен бірнеше жас кіші жұбайы туралы айтты

Әнші, сазгер Асан Пердеш "Ұйқым келмейді" бағдарламасында өзінен бірнеше жасқа кіші жұбайы туралы айтты, - деп хабарлайды Paryz.kz. 

«Кішкентаймын деп сыйлайды». Асан Пердеш өзінен бірнеше жас кіші жұбайы туралы айтты
фото: әлеуметтік желіден

Өнер иесінің үйленгеніне биыл бес жыл болыпты.

Жақсы, Аллаға шүкір, бәрі тамаша (жұбайы - еск.). Жас аралығының үлкен-кіші болғаны біреулер үшін дұрыс емес шығар, мен үшін жақсы. Өйткені жасы кіші болғаннан кейін ол кішкентаймын деп сыйлайды, сен үлкен болғаннан кейін үлкенмін ғой деп ақылға саласың. Айтпай-ақ қояйыншы (жұбайының жасын - еск.), - дейді әнші алғашында.

Бағдарлама жүргізушілері Асанға "Қара қызым" деген ән сіздің жұбайыңызбен бір мезгілде дүниеге келген сияқты, иә?, - деп сұрақ қояды.

"Қара қызым" 2008-де ме, 2007-де ме шыққан. Жоқ, 2008 жылғы қызға үйленбейтін шығармын, - дейді ол.

Жүргізушілер кейін тағы да әншіге "келіншегіңіз 2003 жылғы, демек бес ғана жыл (әнмен арасы - еск.), солай ма?" деген сауал қойып нақтылай түседі.

Ал жарайды. Аха (солай - еск.). Өзіңіз математикаға мықты екенсіз ғой, есептеп қойыпсыз ғой, - дейді өнер иесі.