Еркін Нұржанов «Ұйқым келмейді» бағдарламасында өзінен 14 жас кіші әйеліне қай кезде ғашық болғанын баяндап берді.
- Келіншегіме үйленген кезде 16 жасар деп біраз әңгіме болды. Әйелімді алғаш көргенде ол 6-сынып оқитын, бірақ ол кезде бірден ғашық болған жоқпын. Көз алдымызда өсті. 11-сыныпқа жеткен кезде көзімізге түсті ғой, - деп бөлісті ол.
Әнші өзінен 14 жас кіші әйелінің немен айналысатынын да айтты:
- Үйленгенімізге 10 жыл болды. Әйелім үйде бала тәрбиесімен айналысады. Кейде жұмыс істеймін деп қиқалаң салады. Бірақ 4 бала-шағаның өзі үлкен жұмыс. Қайыр, Сая, Ақбаян, Анарбай деген 2 ұлым, 2 қызым бар. Өзім жұмсақ әкемін. Бала-шағаны арасында көріп тұрамыз, көп көрісе бермейміз. Мүмкіндігінше көрген кезде еркелетіп құшақтап, иіскеп, сүйіп, соған үлгеріп қалуға тырысамыз, - деді өнер иесі.