Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

«Ата-анама қарайтын адам керек болды»: Сейфуллин Жолбарыс екінші рет не себепті үйленгенін айтты

Қазақстандық танымал әнші Сейфуллин Жолбарыс екінші келіншегіне үйленуінің басты себебін атады. Әнші ата-анасымен бірге тұрып, оларға қарайласатын жар іздегенін айтты, деп жазады Paryz.kz Nur.kz сайтына сілтеме жасап. 

«Ата-анама қарайтын адам керек болды»: Сейфуллин Жолбарыс екінші рет не себепті үйленгенін айтты
фото: әлеуметтік желіден

Сейфуллин Жолбарыс екінші рет шаңырақ көтеруіне қатысты "Менің өмірім" бағдарламасында жан сырын ақтарды. Өнер иесі ата-анасына қарайтын адам керек болғандықтан үйленуге шешім қабылдаған. Келіншегі Екатерина әншінің бұл талаптарына көніп, бүгінде енесінің бар жағдайын жасап отыр. Әнші бұл тұрғыда әйеліне алғысы шексіз екенін айтты. Сөзінше, әкесінің көп жасағаны мен анасының қызіргі жағдайы Екатеринаның арқасы.

"Екінші рет үйленгенде тұрған ешнәрсе жоқ, мысалы менің анам әкемнің төртінші әйел. Сонымен қатар ата-анама қарайтын адам керек болды. Олар екеуі ғана тұрды, сондықтан Алматыға көшіріп алып келдім. Оларға күтуші алып қоймаймын ғой, ақшаға жұмыс істейтін адам дұрыс қарамайды, үйді жинап, тамағын істеп кетеді. Жаны ашымайды.

Оны алған себебім де осы, ата-анама қарайтын адам керек болды. Осындай жағдайға көнетін жар іздедім, Катя көнді, сол үшін оған алғысымды білдіремін. Әкемнің көп жасағаны, анамның қазіргі жағдайы – Катяның арқасы. Мен үшін ата-анамның көңілі бәрінен биік болды, олардың өмірден риза болып кеткенін қаладым. Ата-ананың ризалығын алмай, басқа істеген ісің мен дұғаң, тіпті қажылыққа бес рет барып келсең де ол қабыл болмайды", – деді ол.