«Оншақты балам бар»: әнші Елена Әбдіхалықова неге тұрмысқа шықпағанын айтты

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші Елена Әбдіхалықова үйінің оныншы перзенті екенін айтты. Өнер иесі "Алғашқы" бағдарламасында тұрмысқа шықпағанын және анасының арманын орындай алмағанын баяндап берді, деп жазады Paryz.kz Nur.kz сайтына сілтеме жасап. 

«Оншақты балам бар»: әнші Елена Әбдіхалықова неге тұрмысқа шықпағанын айтты
Фото: видеодан скриншот

Әншінің әпкесі Тания Әбдіхалықованың айтуынша, анасы көзі тірісінде Еленаның өз жұбын тапқанын армандап кеткен. Алайда әншінің бауырлары бірінен кейін бірі қайтыс болып, олардың балаларына Елена Әбдіхалықова қамқор болған. "Бауырлары бірінен кейін бірі қайтыс болып, солардың ұл-қызын асырау үшін өзін екінші орынға қойды ма деп ойлаймын. Өзін ұмытып кетті деп ойлаймын. Анам да армандап кетті. "Қалауыңды тап" деп бірнеше рет айтты. Елена "Менің жан-дүниемді түсінбейді" деп айтты", - деді әншінің әпкесі Тания Әбдіхалықова. Ал өнер иесі осы уақытқа дейін өмірден өткен бауырларының балаларына қамқор болғанын айтты. Реклама "Үйдің оныншы перзентімін. Анамның арманын неге орындай алмай жүргенімді Құдайдан сұрау керек шығар. Адамның басы - Алланың добы. Бәрін Құдай қосады. Бауырларымның бәрі менің балаларым. Құжат түрінде болмағанымен, менің оншақты балам бар. Мен осындай танымал бола тұра, бауырларымның балаларына көз қырымды салмасам, тағдырына септігім тимесе, менің әдемі көйлек киіп, сахнада жүргенім кімге керек? Артымда қара ормандай боп, бауырларымның балалары тұр", - деді әнші.