Димаш Құдайбергенге Karić brothers award сыйлығы табысталды

Әлемге танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген "Karić brothers award" сыйлығын иеленді. Бұл туралы әнші Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Paryz.kz. Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасап.

Димаш Құдайбергенге Karić brothers award сыйлығы табысталды
фото: әлеуметтік желіден

"Бүгін Сербияның Белград қаласында “Karić brothers award” сыйлығына ие болдым. Мені әрдайым қолдап жүрген барша тыңдарман қауымға шын жүректен алғыс. Ағайынды Карич сыйлығы әлемге әйгілі ғылым, журналистика, экономика, мәдениет және қоғам қайраткерлеріне табысталады", - деп жазды ол.

 

Әншінің айтуынша, 1979 жылдан бері Карич қорының сыйлығы бұған дейін Нобель сыйлығының лауреаттары Ж.Альферов, П.Хандке, Қазақстанның тұңғыш президенті Н.Назарбаев, кинорежиссер Е.Кустурица, қоғам қайраткері М.Мазари, теннисші Новак Джокович, актер Стивен Сигал – барлығы 150-ден астам дарынды адамға табысталған болатын.