Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

«Соямыз деді»: Актер Сәбит Әбдіхалықов дертке шалдыққанын айтты

Танымал актер Сәбит Әбдіхалықов өзінің Instagram-дағы парақшасында қалай емделіп жатқанын айтты, деп жазды Paryz.kz. 

«Соямыз деді»: Актер Сәбит Әбдіхалықов дертке шалдыққанын айтты
фото: әлеуметтік желіден

Биылдыққа бесінші рет жүрекпен ауруханаға жаттым. Жүрегіме стэнд қоюға мүмкіндік жоқ. Бір тамырдың бойы аншлаг, келесі бір вариант «соямыз» деп, кардиохирургтер пышақтарын жалаңдатып ниет білдірді, деді ол.

Дәрігерлер актердің жүрегіндегі ақауды зерттеп, ақылдаса келе, коронография жасап, тамырды үрлеу әдісімен емдеді.

Қазір Аллаға шүкір жақсымын. Еліміздегі бұл клиникада нағыз сапалы емдік әдістерімен қоса,заманауй аппараттарымен емдейді, - деп жазды өнер иесі.