Прямая трансляция

Астана

Астана

-4.03°C

Мен өзімнің сұлу екенімді ешқашан білмеппін - Меруерт Түсіпбаева

Әнші Меруерт Түсіпбаева «Ұйқым келмейді» бағдарламасында ата-анасының берген тәрбиесі туралы баяндады. Өнер иесі өзінің атақ-абыройын естігенде не үшін қысылатынын ашық айтты. 

Мен өзімнің сұлу екенімді ешқашан білмеппін - Меруерт Түсіпбаева
Фото: видеодан скриншот

- Шынымды айтсам, ата-анам мені басып өсірді. «Сен жамансың, сен әдемі емессің, сен жалқаусың» деп өсірді. Олар менің өнер адамы болуымды қаламады. Қазір мен өзім ана болғандықтан, баламды басқаша тәрбиелеймін. «Сен мықтысың, сен бәрін білесің, сенің қолыңнан барлығы келеді. Өмірден ләззат ал» деймін. Балам шетелде оқиды, оған сондай хабарлама жіберемін. Мен өзімнің сұлу екенімді ешқашан білмеппін. Қазіргі уақытта «Қимай сені барамын» бейнебаянын қарасам, сондай сұлу болыппын ғой. Аша Матай да, Айдана Меденова да тең келмейді.

Әншінің айтуынша, ата-анасының қатал тәрбиесі әлі күнге дейін сезіледі:

- Ата-анам «қызға қырық үйден тыйым» деген ұстаныммен өсірген, советтік тәрбие берген. Қазір Өзімді теледидардан көрген кезде, семіріп кеттім деп сыни көзбен қараймын. Сондықтан баланы кішкентай кезден бастап қолдап, жебеп өсіру керек, - деп бөлісті ол.