«Құны 60 млн»: Мөлдір Әуелбекова ұлының туған күніне бағалы сыйлық тарту етті (ВИДЕО)

Әнші Мөлдір Әуелбекова ұлы Салтайдың туған күніне бағалы сыйлық тарту еткен. Ол instagram парақшасында ұлына сыйлаған сыйлықтың құны 60 млн теңге екенін жазды, деп хабарлайды Paryz.kz. 

Өзім уәде еткенімді орындап, жаман үйретіп қойыппын. Есесіне, балам сыйлығын алатынына сенімді. Қатты қобалжып жүрмін. 60 млн теңге оңай емес, - деп жазған болатын әнші.

Әнші ұлы Салтайдың туған күнінде 40 адамға дастархан жайып, шоу бағдарлама ұйымдастырған. Сондай-ақ ұлына уәде етілген құны 60 млн теңгелік сыйлықты тарту еткен.

Ұлымның туған күнін атап өттік. 40 қонақ шақырып, бес сағатқа созылған шоу бағдарлама болды. Сондай-ақ менен құны 60 млн теңге болатын сыйлық, - деп жазды әнші Instagram парақшасында.