Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

«Қалаулымға» айқайлауға қажеті жоқ - Өмірқұл Айниязов

Гендер пати жасап, сынға ұшыраған Өмірқұл Айниязов батыстан келген бұл дәстүр туралы өз ойын ашық бөлісті. «Ұйқым келмейді» бағдарламасында әнші қызы дүниеге келерде де гендер пати жасағанын айтты. 

«Қалаулымға» айқайлауға қажеті жоқ - Өмірқұл Айниязов
Фото: видеодан скриншот

- Үлкендерден гөрі бұл дәстүр балаларға қызық екен. Қарындасым, інімнің балаларын жинап, гендер пати өткіздік. Ұл болады деп, қуанышты жаңалықты бөлістік. Әрине, барлығы Алланың қолында. Бәлкім, ұл емес, қыз шығар, аппарат алдауы да мүмкін. Кей адамдар қарсы болса да, мен өзім заманауи болған дұрыс деп ойлаймын. Бұл ойымда ешқандай әбестік жоқ деп есептеймін. Ең бастысы – жақсы тілек, жақсы ниет.

Әншінің айтуынша, бұл дәстүрлер қазақ халқында ежелден бері бар.

- Мысалы, құрсақ шашу деген дәстүр бұрыннан бар. Гендер пати –соның еуропаланған түрі. Сол сияқты «Қалаулым» жобасын алсақ. Ол жобада әбестік қылықтар жасалғаны болмаса, бұрын да бізде жеңгетайлар болған. Сондықтан «Қалаулымға» айқайлаудың да қажеті жоқ, - деп жеткізді ол.