Толқын Тұрарбекқызы күйеуінің қызу талқыланып жатқан сұхбатынан кейін Instagram парақшасында пікір білдірді. Ол жолдасының екінші әйел алуына қатысты қандай көзқараста екенін ашық айтты.
Біріншіден, тағдырыма екінші әйел алу жазылған болса, аламын, жазылмаған болса, алмаймын деді. Екіншіден, екінші әйел алатын болса, менен сұрамайды. Міндетті емес. Сондықтан қарсымын ба, жоқ па айта алмаймын. Иә, ауыр мүмкін, бірақ ақиқаты сол, - деп жазды ол.