Прямая трансляция

Астана

Астана

-4.03°C

«15 мың теңге алимент төлейді»: Жезқазғандық ару блогер Дархан Жолшыбековті әке міндеттерін орындамайды деп кінәлады

Осыдан бес жыл бұрын танымал блогер Дархан Жолшыбековпен жақсы дос болып, қыз бен жігіт болып жүрдік деген Айдана Боранбайқызы ел естімеген деректерді айтты. Жалғызбасты ана тікелей эфир барысында Stan.kz тілшісінің сұрақтарына жауап берді. 

«15 мың теңге алимент төлейді»: Жезқазғандық ару блогер Дархан Жолшыбековті әке міндеттерін орындамайды деп кінәлады
Коллаж: stan.kz

Жезқазғандық Айдана Тараз қаласындағы Park Mall ойын-сауық орталығында даяшы болып жұмыс істеген. 

“2018 жылы Дарханмен таныстым. Біз төрт ай қол ұстасып, қыз бен жігіт болып жүрдік. Ол кезде жасым 17-де болатын. Кейін ренжісіп, араласпай кеттік. Сол кезде менің аяғым ауыр екенін білдім. Дархан да білді. Бірақ “ешкімге айтпа, білдіртпе” деп қозғағанымды қаламады. Маған үйленгісі де келмеді. Содан кейін мен ата-анамның қолына Жезқазғанға кетіп қалдым. 29 желтоқсан күні қызымды босандым. 18 жасымда ана атандым. Кейін әкесімен мүлдем араласпадық”, – дейді Айдана. 

Айтуынша, Дарханның ата-анасының үйіне дейін іздеп барған. 

“Жүкті екенімді білгеннен кейін ата-анам оның үйіне іздеп барды. Алдарынан өтті. Олар да баланы қабылдамайтынын айтты. Ағасы Ақтілекке де жаздық. Дарханның ата-анасы: “Қыздарың басына түскен ауырлықты өзі көтерсін, бізді араластырмаңдар”, – деді. Содан кейін ол жаққа қайтып аяқ баспадық. Қазір қызымды жалғыз өсіріп жатырмын. Отбасымда жеті қыздың үлкені болсам, қызым үйдің сегізінші қызы болып жүр. Ештеңеге өкінбеймін”, – дейді жас ана. 

Бірақ баланың әкесі Дархан ДНҚ сараптамасын тапсыруға өзі келіп, ешқандай қарсылықсыз келіскен. 

“Басында ДНҚ тапсыруға қарсы болғанымен, кейін келісті. Сол кезде 99,9 пайыз сәйкес келді. Мен қызым туғанда Дарханның тегін бергім келді. Әкем қарсы болды. Біраз уақыттан кейін рұқсатын берді. “Жолшыбек Айша Дарханқызы” деп туу туралы куәлігіне жаздырдық”, – деп қызының құжатын көрсетті. 

Айдананың айтуынша, заңды әкесі екені расталғаннан кейін, алимент төлетудің әлегі де аз болмаған.

“Мені көп адам сөгіп жатыр. “Осыған дейін айтсаң қайда қалдың, Дархан байып кеткеннен кейін шығып тұрсың. Жабулы қазан жабулы күйінде қалмады ма, саған керегі ақша” деп көп адам ұрысты. ДНҚ қорытындысы сәйкес келіп тұрғаннан кейін оның баланың әкесі екені рас. Бірнеше рет “қызыңа көмектес, маған ештеңе керек емес” деп жаздым. Мүлдем жауап болмады. Жарияға жар салмадым. Шыдамның шегі жеткесін,  адвокат жалдап, сот арқылы алимент төлеттіре бастадым. Жұрт Дарханды ақшасы көп, бай дейді. Бірақ өзінің атында ештеңе жоқ. Бүкіл байлығы мен бизнестерін әйелі мен бауырларының атына жазып тастаған. Сотта кездескенімізде  тұрақты жұмысы жоқ, ең төменгі жалақысы 65 мың, зейнетақы қорына аударылмайтын, қолма-қол ақша алатын жерде жұмыс істейді деген бір жапырақ қағаз әкелді. Сот шешімі соған сәйкес болып, 15 мың теңге алимент өндіріп берді. Қазір сол ақшамен күн көріп отырмыз”, – дейді Айдана. 

Бүгінде жас ана қызының денсаулығына алаңдайды. Келесі оқу жылында мектеп табалдырығын аттайтын бүлдіршін сөйлемейді. 

“Дарханды әлеуметтік желімен іздеуімнің себебі бар. Осындай қадамға шарасыздықтан барып отырмын. Қызым Айша келесі жылы мектепке барса да, әлі күнге дейін сөйлей алмайды. Логопед пен невропатологтың есігін тоздырып жүрміз. Сұраққа сұрақпен жауап береді. Сөйлем құрап, қалауын айта алмайды. Мама мен папаны ғана анық айтады. Осы қызымды емдетуім керек. Екі ай бұрын Дарханға жаздым. “Қызың сөйлемейді, дәл қазір емін бастағым келеді, көмектесші” дедім. Одан жауап болмады. Кейін мені бүкіл жерден бұғаттап тастады. Мен де ашуланып, барлық желіде ашық айтып жатырмын. Істі аяғына дейін жеткіземін. Қазіргі әйелі Дариға да хабардар деп ойлаймын. Жақында екінші сәбилі болмақ. Олардың отбасын бұзу – мақсатым емес. Тек Дархан қызыма көмектесіп тұрса болды. Олардың отбасына мүлдем араласпаймын. Дарханның өзі хабарласуын күтемін. Егер хабарласпаса, әлеуметтік желі арқылы әшкерелеп, бағдарламаға да шығамын. Қолымда ДНҚ қорытындысы бар”, – деп ашуланады жас ана.  

Тікелей эфирдегі сұрақ-жауаптан кейін Дарханға хабарласу мүмкін болмады. Блогердің достары арқылы шығып көрсек те, бәрі бірауыздан “Дарханның нөмері жоқ” деді.