Әзілкеш, актер Аманғали Сыпабеков «Ұйқым келмейді» бағдарламасында алғаш рет әйелімен бірге сұхбат беріп, отбасылық өмірі жайлы сыр бөлісті.
Әртістің жұбайы Марал Амангелдиева күйеуінің оған үйленуге ұсыныс жасамағанын айтты:
- Екеумізді таныстырған – қайын әпкем. «Ініммен таныстырамын» деп айтып жүргенде, мен ол кісінің Әбеке екенін білмедім. Алғаш танысуға келген кезде бәріміз әуелі ол кісімен суретке түсіп алғанбыз. Одан кейін бірден сөйлесіп кеттік, бір жылдай жүрдік. Кейін әке-шешеммен танысқаннан кейін бірден үйленейік деп айтты, мен де келістім.
Аманғали Сыпабеков бала тәрбиесіне қатты мән беретінін жеткізді:
- Абыройлы әке болғым келеді. Мейлі қазіргі Аманғали болмай қалсам да, елге танылған әнші болмай қалсам да, мен өмірде балаларым «біздің әкеміз мықты кісі» дейтіндей адам болғым келеді. Ел алдына шықпай қалып жатсам, мені бала тәрбиесімен айналысып жүр деп біліңіздер, -деп бөлісті ол.