Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

"Ажырасамыз дедік": Актер Руслан Нұрман отбасылық өмірі жайлы шындықты айтты

Қазақстандық танымал актер Руслан Нұрман отбасылық өмірі жайлы жан сырын ақтарып, әйелі екеуінің басынан қандай қиындықтар өткенін айтып берді, деп жазады Paryz.kz KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасап.

"Ажырасамыз дедік": Актер Руслан Нұрман отбасылық өмірі жайлы шындықты айтты
Фото: видеодан скриншот

Өнер иесі отбасы құрған кезде ақшадан қатты қиналып, келіншегі екеуі көп ұрыса бергенін айтты. Ерлі-зайыпты тіпті ажыраспақшы болған. Дегенмен олар қиындыққа төтеп беріп, отбасын сақтап қала алған. Актер бүгінде келіншегі екеуінің қарым-қатынасы әлі де мінсіз бола қоймағанын алға тартты. Алайда ерлі-зайыпты арақатынасын жақсарту үшін тырысып жатқанын айтты.

"Алғаш отбасы құрғанда қаржы тапшылығын көрдік. Бір аяқ киімді жылдап киіп, тігіп жүрдік. Ұрысып қалатын күндеріміз көп болды. Айырылысып кетеміз деп те ойладық. Бірақ, біз төтеп бердік. Мінсіз отбасы болуға әлі де талпынып жатырмыз. Желіде керемет жұп деп жатады. Біз әлі ол дәрежеге жетпедік. Басымыздан не өтпеді. Ұрыстық, қырылыстық. Ажырасамыз дедік. Әйел адам ұрыс кезінде аузын тию керек деп ойлаймын.

Ұрыс шыққан сәтте үндемей қалу керек. Бұл ер адамға да айтылатын нәрсе. Әйел адам ер азаматын тыңдау керек деп жатады ғой. Бір саты төмен тұрса ештеңесі кетпейді. Кезінде қол ұстасып жүрген жігітің ғой, неге бір иіле салу қиын?!

Жігіттерге де "кезінде еркелетіп жүрген, жар қылып алған қызың ғой" деп айтамын. Еркектер арасында әйелді уыста ұстау деген нәрсе кең таралған. Менде де сондай болды. Бірақ уақыт өте келе мен оны жеңдім. Неге сүйіп қосылған жарымның еркелігін көтере алмаймын деп ойландым. Ел сөйлесе сөйлей берін", - деді актер "Менің өмірім" бағдарламасында.