Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

Еркебұлан Дайыров анасының арманын орындады

Актер Еркебұлан Дайыров «Алғашқы» бағдарламасында алғаш рет анасын «мама» деп атады. Сұхбат барысында белгілі болғандай, өнер иесі дәстүр бойынша ата-әжесінің қолында өскен. Бұл туралы актердің анасы Нұржамал Алимова сыр бөлісті. 

Еркебұлан Дайыров анасының арманын орындады
Фото: видеодан скриншот

- Мен босанбай тұрған кезде ата-енем «егер біріншісі ұл болса, ол біздің бала болады, аузыңды ашпа» деп айтқан. Есімде, ауылға барғанда, самаурынның қасында шай құйып отырдым. Еркебұлан маған қарап отырып, томпаңдап жаныма келді. Білдіртіп қоямын ба деп, балаға қарауға шыдамым жетпеді.

Ата-енемнің көңіліне де қараймын. Көзімді төмен түсіріп, балаға қараймай қойдым. Бірақ өзі сезіп, айналып алдыма отыра қалды.
Бағдарлама барысында актердің анасы ұлының аузынан «мама» деген сөзді естуді армандайтынын жеткізді:

- Мен оған айта алмаймын, жүрегінен шығу керек қой (бұл сөз). Бүгін бармыз, ертең жоқпыз. Сол сөзді естіп кету – арман. 
Эфир барысында Еркебұлан Дайыров анасының арманын орындап, телефон арқылы алғаш рет «мама» тіл қатты.