Өз тойымды ойлайтын уақыт жоқ. Қазір жүріп жүрген, сөйлесіп жүрген қызым да жоқ. Шынымды айтсам, қол тимей жатыр. Алланың маған бұйырған жан бар шығар. Бірақ қазіргі кезде бар назарым – өнерде. Жасым жиырма төртте, әлі де кеш емес. Маған ерте үйленудің қажеті жоқ деп ойлаймын, - деп бөлісті ол.
Сұхбат барысында әншінің өнерлі отбасынан шыққаны белгілі болды. Оның ағасы Дидар Қами – айтыс саласын дамытып жүрген жыршы, ақын. Ұланғасырдың айтуынша, ол кісі өзінің ағалық кеңесін айтып отырады.
- Әкемнің де, анамның да есімі бірдей – Жанат. Мен үйдің кенжесімін, алдымдағы ағаларым да талантты. Үйдің үлкендері кішкентай кезімізден бастап өнерге баулыды, - деп отбасындағы тағы бір ерекшелікті айтты әнші.