Ұланғасыр Қами жеке өмірі туралы сыр бөлісті


Әнші Ұланғасыр Қами «Ұйқым келмейді» бағдарламасында өнердегі жаңалықтарын айтып, жеке өмірі туралы бар шындықты айтты.

Ұланғасыр Қами жеке өмірі туралы сыр бөлісті
Фото: видеодан скриншот

 Өз тойымды ойлайтын уақыт жоқ. Қазір жүріп жүрген, сөйлесіп жүрген қызым да жоқ. Шынымды айтсам, қол тимей жатыр. Алланың маған бұйырған жан бар шығар. Бірақ қазіргі кезде бар назарым – өнерде.  Жасым жиырма төртте, әлі де кеш емес. Маған ерте үйленудің қажеті жоқ деп ойлаймын, - деп бөлісті ол.

Сұхбат барысында әншінің өнерлі отбасынан шыққаны белгілі болды. Оның ағасы Дидар Қами – айтыс саласын дамытып жүрген жыршы, ақын. Ұланғасырдың айтуынша, ол кісі өзінің ағалық кеңесін айтып отырады. 

- Әкемнің де, анамның да есімі бірдей – Жанат. Мен үйдің кенжесімін, алдымдағы ағаларым да талантты. Үйдің үлкендері кішкентай кезімізден бастап өнерге баулыды, - деп отбасындағы тағы бір ерекшелікті айтты әнші.