Әнші Ғаділбек Жанай президенттен не сұрайтынын айтты

Әнші Ғаділбек Жаңай «Ұйқым келмейді» бағдарламасында өзінің өмірі мен шығармашылығындағы жаңалықтарды бөлісті. Сұхбат барысында ол Президентпен кездессе, не сұрайтынын жасырмай айтты. 

Әнші Ғаділбек Жанай президенттен не сұрайтынын айтты
Фото: видеодан скриншот

«Бәріміз бірігіп, еліміздің көтерілуіне атсалыса берейік» деп айтар едім. 

Әнші Президенттен материалдық жағдай сұрамайтынын жеткізді:

- Мен бүкіл жағдайды құдайдан сұраймын. Адамдардан не үшін сұраймын? Шынымен де, «бәріміз бірігіп елге қызмет жасайық» деп айтамын, - деді ол. 

Сондай-ақ Ғаділбек Жаңай бағдарлама барысында өзі анонс жасаған жеке концертінің не себепті өтпейтінін түсіндіріп айтты.