Актер Қобыланды Болаттың өнеріне сын айтылды

Театр және кино актері Қобыланды Болат «Мәртебелі өнер» бағдарламасында монолог оқып, өнердегі ағаларынан сын естіді. 

Актер Қобыланды Болаттың өнеріне сын айтылды
Фото: видеодан скриншот

«Шәмшінің монологын» оқыған Қобыланды Болаттың бұл өнері қазылар алқасының мүшесі, тәжірибелі актер Асқар Наймантаевтың көңілінен шыққан жоқ. 
- Актерлік шеберлік бойынша сынайтын болсам, маған ұнаған жоқ. Мүмкін жақсы шығар, бірақ мен тек сөйлеген актерді ғана көрдім, - деп бөлісті ол. 

Оның пікіріне түркиялық продюсер, режиссер Жиһан Жан да қосылды:  

- Қобыланды монологтың басын сәл баяу бастады, кейінірек ойын барысында ашылды. Бірақ сахнада қолын қалтасына салып, ұзақ тұрып қалатын сәттері көп болғандай. Алайда болашағы жарқын актер деп білемін.