Елімізде тойға шықпайтын әртістерге күнкөріс табу мүмкін емес - Ерболат Беделхан

Әнші, продюсер Ерболат Беделхан «Ninety one» тобымен қарым-қатынасы туралы айтты. «Ұйқым келмейді» бағдарламасында ол топтың табысы жайлы сөз қозғады. 

 

Елімізде тойға шықпайтын әртістерге күнкөріс табу мүмкін емес - Ерболат Беделхан
Фото: видеодан скриншот

«91» тобының жігіттерімен қарым-қатынасым жақсы. Хабарласып, анда-санда кеңес сұрап тұрады. Соңғы екі жылда шығарып жатқан дүниелерінің барлығы – өздерінікі. Топ мүшелері материалдық жағдайы туралы көп айтты. Бірақ менің қол астымда болса, оны айтқызбас едім. Менен кеткеннен кейін балалар өздері ашығын айтты. Негізі, елімізде тойға шықпайтын әртістерге күнкөріс табу мүмкін емес, нарық жоқ. Тек тойдың арқасында табыс табады. Ақша тапқың келсе, мейрамханаларға, тойларға барасың. Күнделікті тіршілік. Өнерге, мәдениетке орын қалмай қалады, жүгіріп жүресің.

Сұхбат барысында продюсер «Ninety one» тобы арқылы қандай табыс тапқандығы жайлы сұраққа қысқа жауап қайтарды:

- Мен негізі бай адаммын ғой.