Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

«Анам «Ұятың болса, Арсенге тоқал алып бер» деді» - Мереке Қалбаева

Жайдарманшы Мереке Қалбаева «Ұйқым келмейді» бағдарламасында отбасындағы қызықтарды бөлісті. Ол ата-анасы Арсенді қалай қабылдағанын еске түсірді. 

«Анам «Ұятың болса, Арсенге тоқал алып бер» деді» - Мереке Қалбаева
Фото: видеодан скриншот

Анам жас айырмашылығын естігенде, Арсенді кішкентай бала деп қарсы болған. Сырға салуға дейін ол Арсенді тек фотодан ғана көрген. Күйеу баласымен танысқаннан кейін тіпті көнген жоқ. «Жас баланың басын айналдырып алған жоқсың ба?» деп сұрады. Өз анам осылай айтқаннан кейін, жұрт одан да қатты шулайтынын білдім.

Әзілкеш күйеуі Арсенге тоқал алып беру тақырыбын да қозғады. 

- Тоқал алып беру туралы жиі әзіл түсіреміз. Көп адам соған сенеді. Тіпті анамның өзі «Ұятың болса, Арсенге тоқал алып бер» деді. Бірақ өмірде ешнәрсеге таңғалуға болмайды. Мен барлық нәрсеге дайынмын. Күйеуім тоқал әкеліп тұрса, әзілмен қайтарып жіберетін шығармын, - деп бөлісті ол.