Әнші Димаш Құдайберген "Халық әртісі" атағы туралы айтты. Ол бұл туралы Instagram-дағы парақшасында жазды, деп хабарлайды Paryz.kz.
Димаш Құдайберген бала кезде өзін "Халық әртісі" деп таныстырған видеоны бөлісіп, жаңа атағы туралы айтты.
"Ардақты Алаш жұрты! Барлық құттықтау-тілектеріңізге көп рақмет! Кезінде Қонаев Дінмұхаммед Ахметұлы "Мен қанша биікке көтерілсем де, халқымнан биік емеспін" деп халқымызды қаншалықты құрметтейтінін көрсеткен еді. Мен де "Ел-жұртымның ақ пейілінен, ыстық ықыласынан артық биік құрмет жоқ" дер едім. Өнерімнің өрлеуі елдің батасынан екенін терең ұғынамын. "Ерім" дейтін ел барда, "елім" дейтін ерлер туады. Қай мемлекетте, қай жерде жүрсем де елімнің абыройы биік болса екен деп тілеймін, деді Димаш Құдайберген.
Ол сонымен бірге Қазақстан халқын 25 қазан - Республика күнімен құттықтады.