Димаш Құдайберген «Қазақстанның халық әртісі» атағы жайлы: Лайық не лайық еместігімді көзіқарақты халық шешеді

Әлемге есімі танымал әнші Димаш Құдайберген «Қазақстанның халық әртісі» атағы алуына қатысты пікір білдірді, Paryz Kazinform-ға сілтеме жасап. 

Димаш Құдайберген «Қазақстанның халық әртісі» атағы жайлы: Лайық не лайық еместігімді көзіқарақты халық шешеді
Фото: t.me/aqorda_resmi

«Президентіміз әуеде ұшып келе жатқан кезде маған осындай тамаша жаңалықты жеткізген болатын. Ең бастысы – халықтың ықыласы, халықтың пейілі. Ол ешқандай марапатпен өлшенбейді деп ойлаймын. Сол себепті бұл атаққа лайықпын ба, лайық емеспін бе, оны көзіқарақты халық шешеді. Менің әрбір аяқ алысым, әрбір жеткен жетістігім, әрбір марапатқа ие болған сәтім көзіқарақты халықтың шешімімен болуы керек. Осы уақытқа дейін мені қолдап келе жатқан тыңдарман қауымға басымды иіп, рахметімді айтқым келеді. Ел аман, жұрт тыныш болғай! Әлемде бейбітшілік болсын! Өскелең ұрпақ қазақтың мәртебесін бүкіл әлем алдында рухани тұрғыда көрететіндей деңгейге көтеріле берсін!», - деді Димаш Құдайберген Ақордадағы марапаттау рәсімінен кейін БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.

Айта кетерлігі, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстанның халық әртісі» атағын Димаштан бөлек атақты әнші Рамазан Стамғазиев пен күйші Айгүл Үлкенбаеваға берген еді.