Прямая трансляция

Астана

Астана

-4.03°C

Төреғали Төреәлі сот үкімімен көше сыпырып жүр

Полицейлерді қорлағаны үшін 40 сағаттық қоғамдық жұмысқа тартылған белгілі әнші Төреғали Төреәлі әлеуметтік желіде өзінің көше сыпырып жүрген видеосын жариялап, сот үкімін орындап жатқанын айтты,  деп хабарлайды Paryz.kz Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап. 

Төреғали Төреәлі сот үкімімен көше сыпырып жүр

«Соттың шешімі бойынша, 40 сағаттық қоғамдық жұмыс тапсырған болатын. Түске дейін саябақта болдық. Енді осы жерді тазалап жатырмыз. Бұл менің тәуелсіз отаным, тәуелсіз елім, тәуелсіз жерім, тәуелсіз Қазақстаным. Әлбетте, әнұраны, көк туы бар елдің міндетті түрде заңы болады. Ол заңның алдында барлығымыз бірдейміз. Оған бағынуымыз керек. Міне, ұлы дала баласы ұлы даланы сыпырып жатыр. Мұның еш әбестігі жоқ. Керісінше, тазалық сақтау – сүннет. Өз жатқан-тұрған жеріңді таза ұстау, ертең ас ішетін ыдысыңды бүгін жуып қою деген тазалық. Ал тазалық иманнан емес пе?», - дейді әнші бейнежазбада. 

Еске сала кетейік, Төреғали Төреәлі үстіміздегі жылдың 14 маусымында жол ережесін бұзып, полицейлердің қолына түскен еді. Сараптама нәтижесімен оның есірткіге масаң күйде екені анықталды. Полицейлерге бағынбай, оқиға орнынан кетуге тырысқан әнші 20 күнге қамауға алынып, 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды. Қыркүйек айының соңында ол полицейлерді қорлағаны үшін тағы да сотқа тартылып, әншіге 40 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы тағайындалды.