«Орысшаға да тілім келмей...»: Белгілі актриса жігітпен алғаш кездескен күнін есіне алды (ВИДЕО)

Әнші әрі актриса Сара Амангелді жігітпен кездесуге барғанда қандай тамаққа тапсырыс беретінін білмей, әбден сасқан. Өнерлі қыз тіпті мейрамханадағы мәзірді түсінбей, біраз қобалжыған екен, деп хабарлайды Paryz.kz.

«Орысшаға да тілім келмей...»: Белгілі актриса жігітпен алғаш кездескен күнін есіне алды (ВИДЕО)
фото: әлеуметтік желіден

Актриса Сара Амангелді тележүргізуші Анна Данченкоға жаңадан алған үйін көрсетіп, өмірі, жігітпен кездесуі туралы баяндап берді. 

Оның айтуынша, әнші үйден тамақтанғанды ұнатады. 

Ақша құрта бергенді ұнатпаймын. Үнемі үйден тамақ жеймін. Қымбат бұйымдарды сыйлайды, жақындарым алып береді. Мен тіпті, көшеден тамақ жеуді ұнатпаймын. Бірде жігітпен ресторанға бардық. Негізі барған жердің мәзірін түсінбедім. Сосын, "манты" дедім.  Олар "жоқ" деді. Ойбу деп "палау" дедім, ол да жоқ. Сосын "шашлык" дей салдым. Ол да жоқ екен. Содан аты басқаша бір тамақтарды айтты. Олардың не екенін түсінбей, бірақ жігітке білдірмей отыра бердім.  орысша ға да тілім кеймей. Ақыр соңында тамақтың атын ағылшынша айтты ғой. Ана жігіт өзі стейк деді. Оған дейін стейктің не екенін білмедім. Алдыма келгенде  вилка, пышақпен жемекші болдым. Ақыры қолымнан келмей қобалжып, терлеп ұялғаным-ай... Айттым, үйге барып колбаса мен нан жей салайыншы, шыны керек мынау болмады дедім. Енді бұл жерде ұят ештеңесі жоқ деп ойлаймын. Үйде бәрі күн де жеп жүр ғой соны, мен де жеймін, - деді актриса.

Әншінің бұл сұхбатын көрген желі қолданушылары оның қарапайымдылығына сүйсініп, жылы лебізін білдірді.