Сәкен Майғазиев мінген көліктің тас-талқаны шықты (ВИДЕО)

«МузАрт» тобының әншісі Сәкен Майғазиев Сарыағашқа бара жатқан кезде жол апатына ұшырады, деп хабарлайды Paryz.kz.  

Сәкен Майғазиев мінген көліктің тас-талқаны шықты (ВИДЕО)
фото: әлеуметтік желіден

Әнші басынан өткен оқиға туралы әлеуметтік желідегі парақшасына видео жариялады. Ол жариялаған видеода көліктің быт-шыты шыққаны анық көрініп тұр. 

Жолда сақ болыңыздар! Бір Алла қақты! Сарыағашқа келе жатыр едік. Осындай жағдай болды. Бәрі жақсы болсын. Бәле-жаладан сақтасын. Абайлап, асықпай жүріңіздер! Жол тар, көлік көп. Бір-бірімізді басып озамыз деп осылай болды. Алла жар болсын. Аман қалғанымызға Аллаға шүкір, – деді Сәкен Майғазиев.

Әнші оқыс жағдайдан кейін өзіне жазып, алаңдап жатқан тыңдармандарына алғысын білдірді.