Жахан Отарғалиев Tiktok-тан түсетін табысы туралы айтты

Жахан Отарғалиев TikTok әлеуметтік желісі арқылы қомақты қаражат табуға болатынын айтты. Бұл туралы актер «Қызық Times» бағдарламасында айтты. 

Жахан Отарғалиев Tiktok-тан түсетін табысы туралы айтты
Фото: видеодан скриншот

Аяқ астынан TikTok-та блогер болып кеттім. Өйткені өзім түсірген алдыңғы екі киноның нәтижесі әртүрлі болды: біреуі – өте жақсы нәтиже, екіншісі өте жаман нәтиже көрсетті. «Джохан-2» фильмі шыққан кезде 1 апта бойы аншлаг болады. 20,30,50 мың адам көріп отырған кино 1 аптадан кейін бірден 1000 адамға түсіп кетті. Мүмкін емес деп ойладым, неге олай болғанын түсінбедім. Кейін біреу маған TikTok-тан сілтеме жіберді. Сөйтсе Голливуд кинолары шығып жатқан кезде киномызды TikTok-та біреу жамандаған. Халықтың бағытын бұрып жіберді, дейді ол. 

Бағдарлама барысында Жахан Отарғалиев ТikTok-ты зерттеп, айлық табысы туралы айтты. 

Мысалы, шілде айында 15 мың доллар таптым. Бұған жұмыс ретінде қарамағанның өзінде сондай қаражат түсті. Бірақ мен TikTok-қа кино үшін келдім. Бұл әлеуметтік желінің алгоритмін толық зерттеу үшін арнайы Қытайға да барып келдім. Соның нәтижесінде TikTok-тың қазақстандық филиалын аштық. Жалпы, TikTok – талантты жастар үшін керемет мүмкіндік әрі өнерді, өнімді танымал етуге таптырмас құрал, - деп жеткізді ол.