«Көбі білмеуі мүмкін»: Біржан Хасанғалиев әкесіне қатысты құпияны ашты

Қалың қазаққа танымал әнші, композитор Ескендір Хасанғалиевтің ұлы Біржан Хасанғалиев әлеуметтік желідегі парақшасында әкесі туралы жазба жариялады, деп хабарлайды Paryz.kz.  

«Көбі білмеуі мүмкін»: Біржан Хасанғалиев әкесіне қатысты құпияны ашты
фото: әлеуметтік желіден

Біржан Хасанғалиев әкесі жайлы ел білмейтін ақпармен бөлісті.

Көбісі білмеуі мүмкін, әкем нағашыларында тәрбиеленіп өскендіктен сол кісілердің атымен тарихта қалды. Негізі туған әкесі Құбаш Ибрашев деген кісі. 24 жасында ауырып қайтыс болған. Қазіргі уақытта әкемнің өміріне және шығармашылығына арналған кітап аяқталуға таяды. Алла жазса, 2024 жылдың басында жарық көреді, – деп жазды өнер иесі.

Желі қолданушылары әкесі туралы кітапты жарыққа шығарғалы жатқан Біржан Хасанғалиевке жылы сөздерін жолдап, мақтау айтты.

“Біржантай. Үлкен еңбек істеп жатырсың. Сәттілік тілеймін”, “Ұлы тұлға! Аңыз адам”, “Қазағына өшпес мұра қалдырған дара тұлға, жаны жаннатта болсын”, “Керемет, сәттілік тілеймін”, – деп жазды олар.