Белгілі әнші Қайрат Нұртастың кіші інісі Заңғар Нұртас ата-анасын болашақ әйелімен таныстырды, деп хабарлайды Paryz.kz.
Заңғар Нұртас әлеуметтік желідегі парақшасында сүйіктісі Индира мен ата-анасының бір дастархан басында отырған видеосымен бөлісті. Бейнежазба астына ол: “Берекесін берсін” деген жазу қалдырды.
Астанаға қара шаңыраққа келіп қалдық. Отбасымыз үш қалада. Анам Алматыда жалғыз өзі, Қайрат ағам көбіне жанында болады. Әкем Аян ағамның қолында Астанада. Мен Шымкентте. Бұйырса келінді Алматыға, анамның жанына апарамын, – деді ол.