«Бизнесі, авторитеті болуы керек»: танымал тележүргізуші болашақ күйеуіне қоятын талабын айтты

Белгілі тележүргізуші Диана Қырықбай өзінің неліктен тұрмысқа шықпай жүргенін айтып, болашақ күйеуіне қойылатын талаптар тізімін жариялады, деп хабарлайды Paryz.kz. 

«Бизнесі, авторитеті болуы керек»: танымал тележүргізуші болашақ күйеуіне қоятын талабын айтты
фото: әлеуметтік желіден

Тележүргізуші өзінің әлі күнге дейін тұрмысқа шықпауын сүйікті адамының жоқтығымен байланыстырды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әлі сүйіктімді кездестірмедім. Бұл тұрғыдан ата-анам мені асықтырмайды. Керісінше, дұғасына қосып отырады. Ағайын-туыстың сөзіне шыдамай, асығыс тұрмысқа шығып жатқан қыздар қаншама?, - деді Диана.

Сондай-ақ ол болашақ жарының қандай болуы керектігін де атап өтті.

Біріншіден, өте ақылды болуы керек. Оның ішінде бірнеше тіл білуі керек, өзінің жеке кәсібі болуы керек. Өзінің кәсібінде авторитеті болуы керек. Спортпен айналысуы керек. Спортсмен, дене бітімі әдемі жігіттерді жақсы көремін. Аса қатты назар аударамын. Мені жақсы көруі керек. Жігіт қатты жақсы көрсе, басы айналып. Мені сыйласа, екеуміздің ойымыз бір жерден шықса, маған ең идеальный жігіт болар еді, - деді Диана Қырықбай.