Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

«Күшік күйеу»: әнші «Qanay» өзін сынағандарға жауап берді

Qanay лақап атымен танымал әнші Нұрболат Қанайдың Instagram парақшасында қайын жұртында қызмет етіп жүрген видеосын оқырмандар сынап тастады, деп хабарлайды Paryz.kz.

«Күшік күйеу»: әнші «Qanay» өзін сынағандарға жауап берді
фото: әлеуметтік желіден

Qanay-дың Жетісайда қайын жұртында жүргенін көрген желі қолданушылары оны «күшік күйеу» деп атаған көрінеді.

Кейбір надан адамдар бар. Қайын жұртқа барғанымды намыс көріп, «күшік күйеу» дейді. Неге ақылдарың сондай таяз? Білмеймін, қайын жұртқа баруды намыс көретін түсінік бар. Тәкаппарлар. Олар да менің әке-шешем, жаңа отбасым, - деп жазды жас әнші.