Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Жахан Отарғалиев Балжан Бидашпен не үшін ажырасқанын ашып айтты

Актер Жахан Отарғалиев НТК телеарнасының OZMZ ғой бағдарламасына берген сұхбатында Балжан Бидашпен не үшін ажырасқанын айтты, деп жазды Paryz.kz. 

Жахан Отарғалиев Балжан Бидашпен не үшін ажырасқанын ашып айтты
фото: әлеуметтік желіден

Біріншіден, біз халық алдында жүрдік. Мен ешқашан, қалай қиналсам да отбасыммен хайп жасамаймын. Ыдыс-аяқ сылдырламай тұрмайды. Ол кез келген нәрседен шығып кетуі мүмкін. Аллаға шүкір, біз жақсы өмір сүрдік. Қазір біздің арамызда болып жатқан жанжал тек екеуімізге қатысты. Ол екеуіміздің арамызда қалуы тиіс. Қазір "Өзі жоқтың - көзі жоқ" деп, екеуіміз жайлы айтып, өзімді күшті қып көрсетіп қойғаным болмайды. Ол видеоны негізі әлеуметтік желіге салмаймын деген едім. Эмоциямен кетіп қалды. Ертесіне неге істедім деп, өкініп қалдым. Біз бет жұлысып, соттасып жатқан жоқпыз. Түсініспеушілік болды. Қазіргі таңда бір-бірімізді көшеде кездестірсек, танымай өтетіндей жағдайда емеспіз. Өте жақсы қарым-қатынастамыз, - деді Жахан Отарғалиев.