Әнші Ерке Есмахан осыған дейін күйеуі Раимның туған жері, Жайық өңірінде жүргенін жазған болатын. Одан кейін "жұлдыз" келін қайын жұртында қалай қонақ күткенін әлеуметтік желіде бөлісті, деп хабарлайды Paryz.kz.
Ерке келін. Бүгін үйде қонақ күтіп, у-шу боп жатырмыз. Жанұямыздың атынан әрқайсысыңызға тек бақыт тілейміз. Бізге жаудырған жылы лебізіңіз қабыл болсын, - деп жазды Ерке Есмахан.
Айта кетейік, Ерке Есмахан Оралға барған кезде қайын атасының әуежайдан қолына гүл ұстап күтіп алғанын көрсеткен болатын.