Дулат Исабековтың құшағында жатқан Айгүл Иманбаева жұрттың сынына қалды

Танымал актриса Айгүл Иманбаева желіге белгілі жазушы Дулат Исабековпен бірге түскен видеосын саламын деп, елден оңбай сөз естіді. Көпшілік өнер иесінің әкесімен жасты адамның құшағында жатқанын жақтырмаған, - деп хабарлайды Paryz.kz Caravan.kz медиа порталына сілтеме жасап.

Дулат Исабековтың құшағында жатқан Айгүл Иманбаева жұрттың сынына қалды
фото: әлеуметтік желіден

Жұртшылық әсіресе актрисаның жазушының не себепті құшағына енгенін түсінбеген. 

«Айгөлекау тап осылай қапсыра құшақтамаяқ жақсы көруге болмайма осы?», «Мынау енді тіптен ерсі көрінеді екен», «Әкемізге де осылай асылып еркелемеппіз, төсімізді тигізіп әкемізге», «Ұят екен», «Туысқаның емес.Бұлай құшақтау ерсі!» деп жазды олар.

Актрисаның өзі болса осы әрекетімен жазушыға деген сағынышын жеткізгенін атап өткен.

Жалпы,  адам баласы басқа адамның бойынан нені көргісі келсе соны көреді. Мені Дулат ағаммен қандай күш байланыстырып тұрғанын бір Аллам және ет жақындарым біледі. Дулат ағама барып мауқымды басып қайттым. Ағау Алладан амандығыңызды тіледім», - деп қысқа қайырды ол.