"Жүректегі сезімді айта алмасақ, несіне бұл махаббат?" - дейді жас жұбайлар. Ерке Есмахан мен RaiМ жаңа ән жазып, оны көрерменге клипімен бірге ұсынды, деп хабарлайды Paryz.kz zakon.kz-ке сілтеме жасап.
"Ерке жүкті екен" деген қауесет бірнеше айдан бері айтылып жүр. Ақыры қос әнші сәби күтіп жүргенін клипте көрсетіп, растады.
Ән "Бұл махаббат" деп аталады. Бейнеклиптен Еркенің жүкті екені көрсетіледі. Оған қоса әннің Райм айтатын партиясында "Бәрінен ең әдемі – менің жүктім" деген сөздер де мұны дәлелдейді.
Әнші жұптың бұл жаңалығын жанкүйерлері мен тыңдарман жақсы бағалап жатыр. Кейбірі көзіне жас алғанын жасырмады.
Клип RaiМ YouTube арнасына 20 сағат бұрын жарияланған. Әзірше 696 мыңнан астам қаралым жинаған. Ол "Тренд" рейтингінде үшінші болып тұр.
Ерке мен РайМ 4 сәуірде ресми түрде ерлі-зайыпты атанған еді.