Айсәуле Бақытбек екінші қызының атын кім деп қойғанын айтты

Айсәуле Бақытбек екінші қызының атын атады, деп хабарлайды Paryz.kz ақпарат агенттігі.

Айсәуле Бақытбек екінші қызының атын кім деп қойғанын айтты
фото: әлеуметтік желіден

Жақында ғана екінші қызын дүниеге әкелген блогер Айсәуле Бақытбек қызына ерекше ат беріпті. Айсәуле өзінің Instagram-дағы парақшасында қыздардың есімдері жазылған шарларды көрсетті.

Шарларды кезек-кезек жарып, ең соңында Сәтті деген есім қалды.

Айсәуле қызын 20 шілдеде дүниеге әкелген. Ал алғашқы қызының есімі - Сафия. Оны 2022 жылғы қаңтарда босанған.