Отандық актер Ерболат Әлқожа қазақстандық «Бақыт» фильмінің түсірілімі кезінде миы шайқалып, гематома пайда болғанын айтты. «Әйел энергиясы» бағдарламасында актер осы жағдайдан соң ауруханаға жатып шыққанын баяндап берді, деп жазады Paryz.kz KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасап.
Фильмде балғамен ұратын кадр үшін бізге арнайы пластмасса балға жасап берді. Ұрған кезде қолыма тиіп, ол балға сынып қалды. Ол түсірілім өзі ұзақ түсіріліп жатыр еді. Содан біздің Андрей деген гримеріміз ағаш сапқа силиконнан балғаның басын салып берді. Ұрып көрсек, жұмсақ. Ауырмайды. Сол балғамен ұратын кадрді түсіргенде, ұрса, қатты тиеді. Мен түсірілімді тоқтата алмаймын. Себебі, тоқтатсам, қайта түсіру керек. Шыдап жатырмын. Басыма екі-үш жерден тиді. Арқама тиді. Бір кезде «Түсірілді» деді. Мен орнымнан тұрайын десем, тұра алмаймын. Басым айналып, жүрегім айнып жатыр. Ал түсірілімді жалғастыру керек. Дәрігерлер келді. Менің миым шайқалған. Содан ауырсынуды сезбейтін дәрі ішіп, түсірілімді жалғастырдық. Басыма, арқама гематома пайда болды. Миым шайқалып, аурухана мен шипажайға жатып келдім, - деді Ерболат Әлқожа.