Танымал әнші Димаш Құдайберген қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың туған күніне орай челлендж бастады, деп хабарлады Paryz.kz Halyq Uni-не сілтеме жасап.
Құрметті достар мен отандастар, һакім Абай атамыздың мерекелік тойының қарсаңында челлендж бастағалы отырмын. Дәл мен секілді Абай атамыздың жүрегіңіз қалаған кез келген шығармасын жаттап немесе оқып, дәл осылай бейнетаспаға түсіріп, желіге салып таратсаңыздар, челледждің басталғаны деп білемін.
Құрметті достар, бұл челледжді әлемдегі барлық dears-тарға, барлық жанкүйеріме жолдағым келеді, - деді әнші.
Димаш Құдайберген ақынның «Ғылым таппай мақтанба» деген өлеңін жатқа оқып берді.