Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Шетінеген ұлы жайлы жазба жариялаған Әсел Асқар оқырмандарын жылатты (ВИДЕО)

Танымал блогер Әсел Асқардың кішкентай ұлы былтырғы жылдың қазанында ауыр дерттен шетінеген болатын. Instagram парақшасына ұлының видеосын жариялаған актриса көпшілікті көзіне жас алдырды, деп жазады Paryz.kz KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасап.

Шетінеген ұлы жайлы жазба жариялаған Әсел Асқар оқырмандарын жылатты (ВИДЕО)
Фото: әлеуметтік желіден

Он айдан бері сенсіз өмір сүріп жатырмын. Сені өмірімнен артық жақсы көремін. Сені бір иіскеп, құшағыма бассам ғой. Менің Айбарысым... Видео тура бір жыл бұрын түсірілген. Мен тура бір жыл бұрын шексіз бақытты едім, - деп жазды Әсел Асқар.

Желі қолданушылары актрисаға басу айтып, видеодан соң көзіне жас алғанын жазды.

«Жан жараңды түсінемін», «Аналар баласымен сыналмаса екен», «Сіз мықтысыз», «Қайғыра көңіл айтамын», «Сізбен бірге әрдайым жылап қаламын», «Сізбен біргеміз», - деп жазды желідегілер.

Естеріңізге сала кетейік, актриса Әсел Асқардың кіші ұлы ауыр дертке шалдығып, жансақтау бөліміне түскен болатын. Кейін өнер иесі ұлының шетінегенін мәлім етті.