Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы желіде жазбасымен көпшілікті ойландырып қойды. Instagram парақшасына жариялаған видеода ол бақытты әйелдің қандай болатыны жайлы айтқан, деп жазады Paryz.kz KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасап.
Менің ойымша, бақытты әйел - жүрегінде уайымы жоқ әйел. Бірақ ол мүмкін бе? Ол мүмкін емес секілді... Себебі, дүниеге бала әкелгеннен кейін, қоғамда өмір сүргеннен кейін, туған-туыспен жақын қарым-қатынаста болғаннан кейін уайым, жауапкершілік, мейірімділік жүректі жүз пайызға тынышталдырады деп айта алмаймын. Табиғатынан, жаратылысынан әйелдің жүрегі махаббатқа толы болған соң, ол оны беруге дайын. Сол себепті, бақытты әйел - жүрегіндегі уайымы аз әйел дер едім, - деді Ләйлә Сұлтанқызы.
Ал желі қолданушылары тележүргізушінің сөзімен келісетінін айтып, желіде түрлі пікір қалдырды.
"Дұрыс айтасыз", "Дәл қазір уайымсыз өмір сүру мүмкін емес", "Уайым жоқ болса, тыныш өмір ғой", "Төрт құбыласы тең отбасы жоқ-ау", "Әйел адамда уайым көп", "Бір кем дүние. Бақыттымын деп айта алатын әйел мыңнан біреу шығар", - деп жазды желідегілер.