31.07.2023, 12:20

Тәуекел Мүсілімнің отбасылық видеосы көпшілікті сүйсінтті (видео)

Фото: instagram.com/mussilim

Актер Тәуекел Мүсілім екі ұлымен және әйелімен түскен видеосын желіде бөлісті. Өнер иесінің отбасылық видеосы көпшілікті сүйсінтті, деп жазады Paryz.kz.

"Бақытты күндер көп болсын. Отбасы, махаббат", - деп жазды Тәуекел Мүсілім Instagram парақшасында.

Ал желі қолданушылары бүгінгі таңда екі балалы болып үлгерген актер мен жұбайына жылы лебізін жаудырды.

"Бақытты болыңыздар", "Тіл-көзден сақтасын", "Керемет отбасы", "Сіз екі балалы боп үлгергенсіз бе? Уақыт қалай жылдам", "Жарасымды жұп", "Аман болыңыздар", "Айтөре өсіп қалыпты", - деп жазды желідегілер.