"Өзім ойға көп батып кетемін. Жалғыз өзім көлікпен жолға шығып кетемін. Сөйлемеу керек болса, сөйлемей отыра берем. Мен тіпті жаныма мобилограф ерткім келмейді. Жанымда жігіттер шапанымды жауып, жүргізуші болып жүреді.
Ондайды мүлде жақтырмаймын. Өзім қашамын. Жалғыз жүргенді ұнатамын. Бала кезден қалыптасқан әдетім, ойымды жаза беремін. Сондықтан өзіме ешқащан шектеу қойған емеспін. Ұнаған нәрсені үнемі жасаймын", - деді Бағлан Әбдірайымов.