Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Белгілі актриса күйеуіне тоқал болғысы келетін қыздар туралы айтты

Белгілі актриса Жанель Мақажан күйеуіне тоқал болуға ұсыныс жасайтын қыздардың барын айтты. Аяғы ауыр өнер иесі бұл жайлы Instagram парақшасында көпшілікке баяндады, деп жазады Paryz.kz KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасап.

Белгілі актриса күйеуіне тоқал болғысы келетін қыздар туралы айтты
Фото: әлеуметтік желіден

Қыздар күйеуіме тоқал болуға ұсыныс білдіріп, өздері жазады. Бірақ оның өмірлік әйелі де, тоқалы да бар. Ол - менмін. Тіпті екінші иегім пайда болса да, мен сүйіктісімін", - деп жазды актриса. 

Ал желі қолданушылары Жанель Мақажанның бұл жазбасынан шошып, түрлі пікір білдірген. 

«Құдай сақтасын», «Қыздарда ұят қалмаған», «Басқа ер адам қалмады ма?», «Өздерін қалай тоқалдыққа қияды», - деп жазды оқырмандар. 

Айта кетейік, актриса Жанель Мақажан мен оның сүйіктісі Абай Асылханұлы 2021 жылы мешітте шариғат бойынша некесін қидырды. Ал жақында жұлдызды жұп ерекше стильде гендер-пати жасап, болашақ сәбиінің жынысын білді.